Жаңа форматтағы мекежайлық әлеуметтік көмек туралы мақала

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес азқамтылған тұлғаларға көмек көрсетудің жаңа мекенжайлық әлеуметтік көмек түрі жұмыс істей бастайды.

Азқамтылған отбасылардың (тұлғалардың) өмір сапасын арттыру, кедейлік санын азайту, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік даму ға көшуге жағдай жасау мақсатында алдағы уақытқа келесі тапсырмалар қойылды: 

  • әлеуметтік көмек көрсету шарттары мен тәртіптерін іске асыру; 
  • әлеуметтік көмек көрсету жүйесімен көрсетілетін әлеуметтік төлем түрлерін оңтайландыру және шартсыздықтан атаулы әлеуметтік көмекке көшу;    
  • «өзара міндеттемелер» принципімен негізделген шартты әлеуметтік көмек жүйесін еңгізу. 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мекенжайлық әлеуметтік көмектің жаңа форматы еңгізіле бастайды (МӘК).   МӘК алу оңайырақ болады және жәрдемақы мөлшері артады.    

Жаңа форматтағы МӘК азқамтылғандар үшін (мекенжайлық әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау) арналған қазіргі кезде қолданылатын жәрдемақы түрлерін жаңартудың жаңа форматына негізделеді.   Соған байланысты оны алуға ресімделетін құжаттар тізімі азаяды. 

Маңызды кездері — жаңа форматтағы МӘК кезінде төленетін жәрдемақы көлемі артады.  Әрбір отбасы мүшесіне қосымша көмек көрсету соммасының күнкөріс деңгейі кедейлік шегінің 40 % дан 50 %-ға дейін өсуі есебінен шамамен алғанда 2200 теңгеге артады.  

Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек 2 түрге жүкелетін болады — шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек. 

Шартсыз ақшалай көмек — жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі азқамтылған тұлғаларға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлем көрсететін мекенжайлық әлеуметтік көмектің түрі.  Бұл сияқты отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу талап етілмейді.    

Шартты ақшалай көмекті алу құқығы тоқсан сайын құжаттарды ұсыну бойынша бекітіледі. Ай сайын төленеді.  

Шартты ақшалай көмек — жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысатын және (немесе) қажет болса әлеуметтік бейімделу шараларына қатысу шарттарымен ай сайынғы және (немесе) бірден ақшалай төлем көрсетілетін мекенжайлық әлеуметтік көмектің түрі.  

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт отбасы мүшелерінің әлеуметтік  бейімделуінің созылуын қажет етуі кезінде және еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің кәсіби білімді аяқтамауы, жастар тәжірибесін өтуі немесе әлеуметтік жұмыс орындарында қызмет атқаруы кезінде қосымша алты айға ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады. 

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт мерзіміне қосымша құжаттардың берілуімен өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. 

Шартты ақшалай көмекті бір жолдан төлеу тағайындалған кезде, төлеу үш айда бір рет жүргізіледі. 

Бірден төлеу шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт міндеттерін орындаумен байланысты, жеке қосалқы шаруашылығының дамуы (үй құсын, жануарларын сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру (жылжымайтын мүлік сатып алуға алынған алдыңғы қарыздарын жабудан басқа шығындар) іс-шараларына қолданылады.   

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт аз қамтылған тұлғалардың (отбасылар) әлеуметтік келісімшарт жағдайлары мен жеке жоспарлары іс-шараларын орындамаған жағдайда, сонымен қатар шартты ақшалай көмекті заңсыз түрде тағайындауға душар еткен анық емес мәліметтер ұсынылған кезде бұзылады. Әлеуметтік келісімшарттың бұзылуы шартты ақшалай көмек төленуінің тоқтатылуына негіз болады.

Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерінің орындалмауының алғашқы айқындалуы кезінде шартты ақшалай көмек он сегіз жастан асқан отбасы мүшелеріне, орта, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі оқу формасында оқитын, орта және жоғары білім мекемелерінен кейін, білім мекемесін аяқтағанға дейін кәмелеттік жасқа толған кезден бастап (жиырма үш жастан аспаған кезде) айқындалу айы кезінен бастап бір ай ішінде он бес пайызға қысқарады,   әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерінің орындалмауының қайта айқындалуы кезінде шартты ақшалай көмек он сегіз жастан үлкен отбасы мүшелеріне, орта, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі оқу формасында оқитын,орта және жоғары білім мекемелерінен кейін, білім мекемесін аяқтағанға дейін кәмелеттік жасқа толған кезден бастап (жиырма үш жастан аспаған кезде) айқындалу айы кезінен бастап тоқтатылады.         

Өтініш беруші және алушы әкімнің, орталық және уәкілетті орган мен жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның  лауазымдық тұлғасының шешімін сот тәртібімен шағымдануға құқылы

Уәкілетті орган мен орталықтың лауазымдық тұлғалары мекенжайлық әлеуметтік көмекті тағайындау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізілуі бойынша жауапкершілікке тартылады.

ЖҚӘББ бас маманы   
​​​​​​​Г. Какимова

23.11.2017
Қараулар: 892
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАссамблея народа Казахстана