Бөлімнің ведомстволық мекемелері және бөлімшелері

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету кеңселерi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жанында халыққа әлеуметтiк қорғау саласында арнайы қызмет көрсету жөнiндегi үйде әлеуметтiк көмек көрсету бойынша 2 кеңсе iс-қимыл жасауда. Әлеуметтiк көмек көрсету кеңселерi мүмкiндiктерi шектеулi балаларға, 18 жастан асқан психикалық-неврологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, қарт азаматтарға, үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж болғандарға арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетумен айналысады.

Байланыс телефон: 8 (71541) 2-21-43. Мамлютка қ.

Кеңсенiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары:

  1. Арнайы әлеуметтiк қызмет үде күтiм жасау жағдайында халыққа әлеуметтiк қорғау облысында арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету Стандартына сәйкес көрсетiледi;
  2. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету жеке қызмет алушы қажеттiлiгiн ескере отыра жүргiзiледi, және де олардың жеке даму деңгейiн көтеруге бағытталған;
  3. Арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң сапасымен тиiмдiлiгiн көтеру;
  4. Арнайы әлеуметтiк қызметке мұқтаждарды анықтау және есепке алу;
  5. Әдеттегi әлеуметтiк ортада моральдық — психологиялық ахуалды құруға көмек кқрсету;
  6. Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтiк-оңалту шараларды өткiзуге бағытталған қажеттi арнайы әлеуметтiк көмек кешенiң көрсету жолымен қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
  7. Мүгедектерге үй жағдайларында әлеуметтiк, емдiк және кәсiби оңалту өткiзу;
  8. Қызмет алушыларға және олардың отбасыларына арнайы әлеуметтiк көмек көрсетудiң көлемi және түрлерi туралы ақпараттандыру;
  9. Ұйым еңбегiн жетiлдiру және әлеуметтiк қызметкерледiң бiлiктiлiгiн көтеру.

Әр кеңсенi кеңсе меңгерушiсi басқарады.

 

Мақалың шыққан күні: 05.12.2017 14:31

LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 21.10.2022 12:32

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана