«Өрлеу» жобасы — отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерiнiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысуы, отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк бейiмделуден өтуi шартымен отбасына шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы.
Шартты ақшалай көмек ай сайынғы төлем түрiнде көрсетiледi, «Өрлеу» жобасы келесi бiрнеше мүмкiндiктер бередi;
- жұмысқа орналасуға көмек
- мамандық оқуға, басқа мамандықты немесе кәсiп бойынша қайта оқуға.
- отбасына арнайы көмек көрсетедi.
«Өрлеу» жобасын — шартты ақшалай көмек (ШАК) мемлекеттiк бағдарламасына отбасындағы бiр адамға жан басына шыққандағы орташа айлық табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 %-нан төмен азаматтар қатыса алады. Жобаны iске асыру үшiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi мен қатысушылар арасында отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшартына қол қою қарастырылады. Келiсiмшарт бойынша отбасы мүшелерi әлеуметтiк жандандыру үшiн кедергiлерден өту бойынша жұмыс жасауға мiндеттенедi, бағдарламаның шарттарын сақтауға жауапты болады: жұмысқа орналасу немесе оқу.. Олардың өз мiндеттерiн орындауы үнемi бақылауда болады.
Жобаға қатысуды қалайтындар жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне немесе ауыл әкiмiне хабарласуы мүмкiн. Әңгiмелесу кезiнде анықталатын болады.
- ШАК алу негiзi
- жеке қажеттiлiгiн есепке ала отырып отбасы мүшелерi үшiн әлеуметтiк бейiмдеу шаралары:
- отбасының әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыруда әлеуметтiк келiсiмшартымен отбасындағы әрбiр еңбекке жарамды кiсiнi еңбек нарқына бейiмдеу шаралары
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне немесе мекендеу орны бойынша әкiмдiкке келген кезде толтырылады: «Өрлеу» жобасына қатысуға өтiнiш; отбасылық және материалдық жағдайы туралы анкета; құжат, өтiнiш берушiнiң жеке басын растайтын куәлiк, отбасының құрамы туралы мәлiметтер (бұл нысанды толтыру үшiн отбасы мүшелерi құжаттарының түпнұсқалары қажет болады); қосымша жеке шаруашылығының болуы туралы мәлiметтер.
Учаскелiк комиссия отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсiн құрады. Алынған ақпараттың негiзiнде «Өрлеу» жобасына қатысу құқығы туралы шешiм қабылданады және шартты ақшалай көмектiң (ШАК) мөлшерi анықталады.
ШАК ай сайынғы төлемi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен отбасының жан басына шаққандағы табысы мен белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60 % арасындағы айырма ретiнде есептеледi. ШАК отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты қолданылатын мерзiмге берiледi және ай сайын төленедi .
ШАК отбасы 6 ай бойы алады. Осы уақытта отбасында мұқтаждықтан шығуға, тұрақты табыс қамтамасыз етуге және еңбек нарығында тұрақтануға мүмкiндiк пайда болады
Орташа жан басына шаққандағы табыс келiсiм шарттың қолданыс мерзiмiнiң iшiнде қайта қаралмайды (отбасының құрамы өзгерген жағдайдан басқа). Сiз жұмысқа орналассаңыз немесе басқа табыс көзiн тапсаңыз, бұл 6 айға тағайындалған жәрдемақы мөлшерiне әсер етпейтiндiгiн бiлдiредi. Егерде сiз көмекке мұқтаж жетi жасқа дейiнгi баланың күтiмiне, мүгедек-баланың күтiмiне және 1 және 2 топ мүгедектерiнiң немесе қарт адамдардың күтiмiн iске асыратын еңбекке қабiлеттi мүшелер болса, онда олардың жұмыспен қамтуға ықпал етудiң белсендi шараларына қатысуы мiндеттi шарт болып табылмайды.
Мемлекеттiк шараларға қатысу бойынша отбасының белсендiлiгiн арттырудың әлеуметтiк келiсiмшарты мiндеттi түрде өтуi тиiс; скринингтiк тексерiлу, әлеуметтiк –маңызы бар сырқатпен емделiп жүрсе (алкоголизм, норкомания, өкпе ауру), жүктiлiк бойынша 12 айлық мерзiммен әйелдер консултациясына есепке қойылғанда немесе жүктiлiк кезiнде бақылауда болса.
Жұмыс орны болмаған жағдайда сiздiң ауылдағы отбасының белсендiлiгiн артып әлеуметтiк келiсiмшартты жеке шаруашылық қожалығында немесе жеке еңбек немесе кәсiби жаңғырулары артатынына сенiмдiмiз.
2-21-43 телефонына немесе мекен жайы Мамлют қаласы, ул Гуденко 19, № 4 кабинетiне хабарласуға болады. Ассистент Куаныш М.
Қараулар: 857