2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасында (ОЖБ) оларға ұйғарылған барлық оңалту құралдарын мүмкіндігі шектеулі адамдар жеке электрондық – цифрлық қолтаңба немесе порталға кіру үшін бір реттік пароль арқылы әлеуметтік қызметтер порталы (https://aleumet.egov.kz) арқылы дербес сатып алады.
Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – мүгедектерге санаторий-курорттық емдеуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі.
Толық ақпаратты Мамлютка қаласы, Гуденко көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады. Телефоны: 87154122143; 81754121375.
Қараулар: 552