Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына сәйкес мүгедектер оңалтудың жеке бағдарламаларына (ОЖБ) сәйкес техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етiледi.
Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық, техникалық (көмекшi) компенсаторлық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Еңбек,әлеуметтiк қорғау және көшi-қон комитетiнiң аумақтық органы әзiрлеген Мүгедектердiң қалалық (аудандық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына берген өтiнiштерi негiзiнде әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыс берушiнiң кiнәсi бойынша жұмыста мертiгуге ұшыраған, еңбек жарақатынан мүгедектер немесе кәсiптiк ауруға шалдыққандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту ОЖБ сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен құралдарымен қамтамасыз етiледi.
Жұмыс берушi қызметiн тоқтатқан жағдайда — жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға таратылған, барлық жоғарыда аталған оңалту құралдары жұмыс берушiнiң кiнәсi бойынша жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жағдайда, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен берiледi.
Протездiк-ортопедиялық көмек
а) Шина-былғары, құрамдастырылған протездер, ортопедиялық аппараттар (ауыстыру кемiнде 1 жыл өткеннен кейiн); бiр мезгiлде екi қол немесе аяқ протездерiн (негiзгi және қосалқы немесе негiзгi және жұмыс) алған кезде оларды ауыстыру кемiнде екi мерзiмнен кейiн жүргiзiледi;
б) жаңа технология бойынша жасалған аяқ және аяқ протездерiнiң құрамындағы жинақтаушы тораптар мен бұйымдар (ауыстыру кемiнде 3 жылдан кейiн, ал мүгедек балалар үшiн-кемiнде 2 жылдан кейiн))
в) синтетикалық шайыр негiзiнде жасалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдағыш гильза, тыстар — 1 жылға дейiн;
г) кеуде безiнiң протездерi, жүргiштер- 2 жылдан кейiн ауыстыру;
д) таяқтар мен балдақтар-1 жылдан кейiн ауыстыру;
е) мүгедектерге ортопедиялық аяқ киiм екi жұппен (жазғы және қысқы) 1 жылға, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлгендерге берiледi; жалпы аурудан және бала жасынан үшiншi топтағы мүгедектерге күрделi ортопедиялық аяқ киiм 50% жеңiлдiкпен берiледi;
ж) ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне протездерге аяқ киiм — 1 жұп 1 жылға, мүгедек балаларға-2 жұп 1 жылға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге — 1 жұп оның құнынан 50% жеңiлдiкпен, 3 топтағы мүгедектерге — ақылы негiзде қолданыстағы баға бойынша;
з) емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдар-1 жыл мерзiмге ҰОС қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген, мүгедек балаларға берiледi; жалпы аурудан және бала жасынан 1 және 2 топтағы мүгедектерге қаражат оның құнынан 50% жеңiлдiкпен берiледi.
Қараулар: 575