Мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар үшін онлайн-қолдау көрсету

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі әлеуметтік-жұмыс сферасы мен денсаулық сақтау жүйесінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін белсенді әрекеттер қабылдады.  ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Қазақстан-Россия медициналық университетімен бірлесе отыра ағымдағы жылдың шілде айынан бастап мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға қолдау көрсету онлайн жобасын жүзеге асыруда.   Онлайн-қолдау көрсетудің басты тапсырмасы мүгедек баласы бар отбасына консультативтік көмек көрсету, физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру шарттарын құру, отбасындағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелейтін азаматтарға психологиялық көмек көрсету болып табылады. 

Қызмет жұмысы ата-аналарға кәсіби кеңесті үйден шықпай-ақ  алу үшін, біліктілігі жоғары психологтардың жұмыс істеуімен «Skype» қамтамасыз ету бағдарламасымен ұйымдастырылған.

Мамандар кеңесіне өтінімдер тәулік бойы тегін 1411 нөмірі бойынша қабылданады.

Онлайн-қолдау көрсету бойынша толық ақпаратты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ мекен-жайы: Мамлют қаласы, Гуденко көшесі, 19 үй, телефоны: 2-21-43 немесе  i-krmu@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласып ала аласыз.  

Мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар үшін  онлайн-қолдау көрсету

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

06.12.2017
Қараулар: 764
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАссамблея народа Казахстана