Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі әлеуметтік-жұмыс сферасы мен денсаулық сақтау жүйесінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін белсенді әрекеттер қабылдады. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Қазақстан-Россия медициналық университетімен бірлесе отыра ағымдағы жылдың шілде айынан бастап мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға қолдау көрсету онлайн жобасын жүзеге асыруда. Онлайн-қолдау көрсетудің басты тапсырмасы мүгедек баласы бар отбасына консультативтік көмек көрсету, физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың психологиялық денсаулығын қалыптастыру шарттарын құру, отбасындағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелейтін азаматтарға психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Қызмет жұмысы ата-аналарға кәсіби кеңесті үйден шықпай-ақ алу үшін, біліктілігі жоғары психологтардың жұмыс істеуімен «Skype» қамтамасыз ету бағдарламасымен ұйымдастырылған.
Мамандар кеңесіне өтінімдер тәулік бойы тегін 1411 нөмірі бойынша қабылданады.
Онлайн-қолдау көрсету бойынша толық ақпаратты «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ мекен-жайы: Мамлют қаласы, Гуденко көшесі, 19 үй, телефоны: 2-21-43 немесе i-krmu@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласып ала аласыз.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Қараулар: 771