«Еңбек жолы»-2020
2020 жылғы 15 наурыз бен 20 сәуiр аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үмiткерлерден мынадай номинациялар бойынша өтiнiмдер қабылдана бастайды:
- «Үздiк еңбек әулетi»;
- «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi»;
- «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi».
«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.
Әр номинация бойынша жеңiмпаздарды марапаттау үшiн келесi сомалар ақшалай сертификаттар берiледi:
- 1 орын — 1 000 000 (бiр миллион) теңге;
- 2 орын — 500 000 (бесжүз мың) теңге;
- 3 орын — 200 000 (екiжүз мың) теңге.
Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын облыстық және республикалық деңгейде iрiктеу.
Республикалық комиссия конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) жеңiмпаздарды анықтайды.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшiн үмiткерлерден алынған ресiмделген материалдарды «СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2020 жылғы 20 сәуiр күнi сағат 17-00-ге дейiнгi мерзiмде қолма-қол ұсыну қажет.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткiзу жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар (ZIP 27 Kb) «СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нiң git.sko.gov.kz ресми сайтында жарияланды.
Қараулар: 593