«Парыз-2021» байқауы жарияланады

Iрi, орта, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң арасында Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорынға «Парыз-2021» байқауы жарияланады. Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзiледi:

  1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» — бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң кызметi қаралады;
  2. «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын» — бұл номинацияда еңбек кызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдайларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады;
  3. «Үздiк ұжымдық шарт» — бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
  4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн» — бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз-2021» конкурсына үмiткерлерден өтiнiмдер 2021 жылдың 1 маусымға дейiн, КММ «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне», Мамлют ауданы, Мамлютка каласында,Гуденко көшесi 19, мекен жайында қабылданады. Анықтама үшiн телефон 21375,22274.

 

14.04.2021
Қараулар: 492
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана