«Парыз» конкурсы

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына сәйкес 2022 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс екі деңгейде өткізіледі: өңірлік және республикалық кезеңдерде. Оған жеке кәсіпкерлер субъектілері қатыса алады.

Конкурстың лауреаттар атақтары үш санатта беріледі:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсіпкерлік субъектісі;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және төрт номинация бойынша:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

3) «Үздік ұжымдық шарт»;

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін»;

және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітілді.

Құрметті ауданнық ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары мен кәсіпкерлері, Сіздерді жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі облыстық байқауға және республикалық «Парыз» байқауына белсене қатысуларыңызды сұраймыз.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі облыстық байқауға және республикалық «Парыз» байқауына қатысқысы келетіндер барлық құжаттар топтамасын «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ алуларыңызға болады.  

Анықтама телефоны: 2-22-74.

29.04.2022
Қараулар: 354
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана