«Арнаулы мiнездемесiн күшейту арқылы әлеуметтiк көмектi оңтайландыру» әлеуметтiк көмек тек қана шын мәнiнде мұқтаж жандарға ғана берiледi. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарынан 84 қадамы мемлекеттiк арнаулы әлеуметтiк көмек төмен табысымен еңбекке жарамды азаматтарға жұмысқа орналастыру және әлеуметтiк бейiмделу бағдарламаларына белсендi түрде қатысқан жағдайда ғана берiледi.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа нысандағы арнаулы әлеуметтiк көмектi (әрi-қарай АӘК) енгiзу құралдары арқылы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн реформалау жүргiзiлуде.
Әлеуметтiк көмектiң бұл түрi бүгiнге дейiн қолданылған арнаулы әлеуметтiк көмектiң үш түрi — көп балалы отбасыларға арнаулы әлеуметтiк көмек пен 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк балалар жәрдемақысы мен көп балалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттiк жәрдемақысының қайта құрылуы есебiнен енгiзiлдi.
2018 жылдан бастап мемлекет пен өтiнiш берушi бiрiге отыра табыс мөлшерi кедейлiк шегiнен төмен отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету, нақты алғанда бiртұтас жәрдемақы тағайындалады және бiр нақты отбасының кедейлiк жағдайынан шығу жоспары әзiрленедi.
Ағымдағы жылы арнаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауға 55 отбасы (201 адам) жүгiндi, оның iшiнде шартты ақшалай көмекке 4511,5 мың теңге соммасына 40 адам (151 алушы), шартсыз ақшалай көмекке 848,1 мың теңге соммасына 15 өтiнiш берушi (50 алушы). Әлеуметтiк көмек бiр мерзiмнен және ай сайын төленедi.
Мысалы, бес адамнан тұратын Мәжитовтар отбасы 2018 жылғы 26 қаңтар Леденевка ауылдық округiнiң әкiмдiгiне арнайы әлеуметтiк көмек тағайындау мәселесi бойынша жүгiндi.
Жүгiнуi кезiнде кеңес беру өткiзiлдi және шартсыз және шартты ақшалай көмек туралы, отбасының әлеуметтiк бейiмделу бағдарламасында жұмыспен қамтудiң белсендi шараларына қатысу, әлеуметтiк шартқа қатысушылардың мiндеттi тараптарының әлеуметтiк шарт жасау қажеттiлiгi туралы ақпараттандырылды.
Отбасыға бiрден төлеуге өтiнiш негiзiнде шартты ақшалай көмек 2018 жылғы 29 қаңтардан бастап 1 шiлде аралығына тағайындалды және бiр мерзiмнен төлендi.
Отбасымен әлеуметтiк шарт жасалды, бiрiншi пунктiнiң бiрi еңбекке жарамды отбасы мүшесiн жұмыспен қамту белсендi шараларына қатысу болып табылады («Фройншафт» Ш/Қ жұмысшы ретiнде тұрақты жұмыс орнына орналастырылды), жұбайы бала күтiмi бойынша, қазiргi кезде жүктiлiкте және 4-шi баланы тосып жүр, әлеуметтiк бейiмделуге қатысады.
2018 жылғы ақпанда отбасы бiр жасар қашар мен азық сатып алды.
Әлеуметтiк шарт мерзiмiнiң iс-әрекетi кезiнде жүйелi түрде мiндеттi зейнетақы жарналары аударылып отырылады.
АӘК алушылар әлеуметтiк шарт бойынша «Беккель» ЖК, «Каримова» ЖК, «Весна» ШҚ жұмысшы ретiнде, Бостандық орта мектебiне шаруашылық меңгерушiсi мен киiмжайшы ретiнде, «Шмидт» ЖК орналастырылды. Ленино ауылына көшiп келушiлердiң отбасы мүшелерi жаңа кәсiптi меңгеру үшiн оқуға жолданды. Алушылар көрсетiлген көмекке балаларына киiм-кешек пен азық-түлiк сатып алды. Және де, мұндай мысалдар аз емес. Отбасы табытары көбеюде, адамдар ризашылықтарын бiлдiруде.
Суретте сатып алынған шаруашылығымен өтiнiш берушi Мақпал Мәжитова.
Г.Е. Какимова әлеуметтiк бағдарламалар
секторының бас маманы
Қараулар: 832