Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы (бұданәрi — Басқарма) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар берудi, сондай-ақ корпоративiшiлiк ауыстыруды жүзеге асыру жүзеге асырады.

Өтiнiштердi қабылдау «Е-лицензирование» мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесi арқылы немесе Басқарманың кеңсесi арқлы қағаз түрiнде жүзеге асырылады.

Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерiне сәйкес салық алымы (бұдан әрi — салым) алынады. Экономикалық қызмет түрлерiне және тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаттарына байланысты шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты бергенi және (немесе) ұзартқаны үшiн алым мөлшерлемелерi 137-ден 250 АЕК-ке дейiн шаманы құрайды.

Рұқсаттар халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде берiледi.

2019 жылға квотаны қалыптастыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға ниет бiлдiрген жұмыс берушiлер 1 тамызға дейiн Басқармаға алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктi ұсынады.

Жергiлiктi атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушiлерге беруге болмайды, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ғана қолданылады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(715-2) 46-37-43 телефонға хабарласуға болады, факс 46-90-73, электрондық пошта zsp@sko.kz, басқарманың веб-сайты ukzsp.sko.gov.kz.

15.06.2018
Қараулар: 544
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана