2017 жылғы 27 желтоқсан күнi «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-де ауылдық округтер және Мамлют қаласының әлеуметтiк жұмысшыларымен «Арнаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң үшiншi кезеңiнде (2018-2021) жылдарға тұжырымдамасын жаңғырту» тақырыбында семинар-кеңесi өткiзiлдi.
Семинар жұмысына: жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының орынбасары, үйде көмек көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi, әлеуметтiк жұмыс бойынша кеңесшi, қажеттiлiктi анықтау және бағалау бойынша әлеуметтiк жұмысшы, ауылдық округтер және Мамлют қаласының зейнеткерлер мен мүгедектерге күтiм жасау бойынша әлеуметтiк жұмысшылары қатысты.
Сөз сөйлеушiлер: «Үшiншi кезеңде (2018-2021) жылдарға тұжырымдаманы жаңғырту», «Әлеуметтiк жұмысшының iс-жүргiзуi», «АӘҚ рәсiмдеу кезiнде үйдегi жағдайда арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгiн анықтау және бағалауды өткiзу ережелерi» тақырыптарын түсiндiрiп өттi.
Семинарға қатысушылар өздерiнiң iс-тәжiрибелерi және пiкiрлерiмен ауысты.
Арнаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң сапасын арттыру бойынша мақсаттар мен мiндеттер қойылды.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
бөлiмшесiнiң меңгерушiсi
Н. Стадник
Қараулар: 704