«2018 жылы Қазақстанда іске асырылатын Үздік әлеуметтік жобалар» конкурсын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө бекiтiлген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарын, моральдық-этикалық және рухани-өнегелiк құндылықтарын нығайту жөнiнде Жалпы ұлттық iс-шаралар жоспарының 25 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек, халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiне, қиын күн көру жағдайында қалған мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға қолдау көрсетуде, халықтың әлеуметтiк-әлсiз санатының өмiр сапасын жақсарту жөнiнде үкiметтiк емес ұйымдардың оң тәжiрибесiн тарату мақсатында «2018 жылда Қазақстанда iске асырылатын Үздiк әлеуметтiк жобалар» Конкурсын өткiзу жоспарлануда:

  • жетiм-балалар;
  • мүгедектер;
  • аз қамтылған және көп балалы отбасылар;
  • жұмыссыз, жалғыз басты және жалғыз тұрып жатқан азаматтар;
  • қарт жастағы тұлғалар, ардагерлер және басқа санаттағылар.

Конкурс 2 турда өткiзiлетiн болады:

  • 1 тур (iрiктеу) — облыстық, 2018 жылдың сәуiрiнен бастап шiлде бойы өтетiн болады;
  • 2 тур (финалдық) — республикалық, онда 1 турдың 1 жеңiмпазы қатысады.

Аталған шараға қызметтерiн қаржыландыру көзiне тәуелсiз халықты әлеуметтiк қорғау аясында жүзеге асырудағы жеке тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, мекемелер және ведомстволар, мүгедектер ұйымдары және басқа үкiметтiк емес ұйымдар қатыса алады.

Барлық мәселелер бойынша, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне 2-21-43 телефоны бойынша жүгiнуге болады.

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеуді өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (ZIP 15 Kb)

28.04.2018
Қараулар: 628
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана