Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жаңа оңалту құралдары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысымен бекiтiлген 2017 жылға арналған мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесiнiң 55-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚ–мен мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек көрсету бойынша әдiснамалық қамтамасыз ету, соның iшiнде протездiк-ортопедиялық көмек көрсету туралы шарт жасасты.

Әдiснамалық қамтамасыз ету аясында мүгедектерге протездеу — Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдiк және азаматтығы жоқ азаматтар, ерекше күрделi және мөлшерден ауытқу түрiнде зақымдану, сондай-ақ алғашқы протездеу жүргiзу жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi.

2017 жылдың 15 қарашасында «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» мамандары протездеу жөнiндегi директор орынбасары М.Ш. Шугаеповтың басқаруымен 3D-принтерiнде басылған аяқ-қолды протездеудi таныстырудың рәсiмi өттi. Iс-шара Ашық есiктер күнi интерактивтi форматында өттi.

Полимер материалдарынан жасалған протездер күнделiктi қозғалыс кезiнде мүмкiндiгi шектеулi көптеген адамдармен туындайтын ыңғайсыздықтан, азаптан арылуына көмектеседi. Бұл жұмсақ және жеңiл полимер материалы және ресей мен немiс өндiрiсiндегi жоғары берiктiлiк бiрiктiрушi механизмдер қолдану арқылы қол жетiмдi. Нәтижесiнде дайын өнiм нағыз нақты аяқтың көшiрмесi болады. Арнайы 3D-принтерiне басылған үшөлшемдi протездер өзiнiң бiршама қымбат емес құнымен қаржылық жоспарда бәсекелестiк артықшылығы бар.

Үшөлшемдi аяқты құру үрдiсi: бiрiншi кезекте пациенттiң сау аяғы сканерленедi, осыдан кейiн компьютерлiк бағдарлама көмегiмен қалауы бойынша аяқ-киiм параметрi ескерiле отырып симметриялық протез қалыбы құрылады, фидер материалды басуға жiбередi, бiраз уақыттан соң берiк протез дайын. Оның қолжетiмдi бағасы жыл маусымына байланысты әр түрлi аяқ-киiм үшiн пациентке бiрнеше протездер алып қоюына мүмкiндiк бередi, демек бiздiң климаттық жағдайға өте қолайлы болады.

3D технологиясымен аяқ-қол протездерiн жасауын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен қозғап отырған мүмкiндiгi, шектеулi адамдар үшiн көмек саясатындағы маңызды буын бола алады. Таяу уақытта, «Әлеуметтiк оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» басшысы билiк өкiлдерiмен және елдiң басқа өңiрлерiмен жаңа технологиялар қолданумен протездеу қызметтерiн ұсыну туралы меморандумға қол қоюын жоспарлауда.

04.12.2017
Қараулар: 693
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАссамблея народа Казахстана