Әлеуметтiк саясаттың негiзгi мiндетi және оның тиiмдiлiгiнiң басты өлшемi халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру және кедейлiк ауқымын қысқарту болып табылады
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтiк көмек тоқсан сайынғы негiзде тағайындалады. Қазiргi уақытта азаматтарға АӘК тағайындау үшiн құжаттарды барлық қаңтар бойы бере алатынын, ал ақпан айында әлеуметтiк көмек алатындығын барынша қолжетiмдiлiгiн түсiндiру мiндетi тұр. Оларға алаңдамай, жұмыспен қамту орталығы мен ауылдық округ әкiмдiктерiнде кезек құру керек емес.
Жаңа Заң көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттiк жәрдемақы енгiзудi, АӘК көрсету тетiктерiн жетiлдiрудi және аз қамтылған отбасы балаларына кепiлдi әлеуметтiк пакетiн енгiзудi көздейдi.
Сондай-ақ, заңға сәйкес, 2019 жылы тағайындалған АӘК жарты жылға немесе бiр жылға тағайындалғаны маңызды емес, ол 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейiнгi күндiзгi оқу орнындарында оқитын студенттерi бар отбасыларға отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға — 53 127 теңге; 6 балаға - 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға — 74 388 теңге.
АӘК көрсетудiң жаңа тәсiлдерi мыналарды көздейдi: атаулы әлеуметтiк көмектi тоқсан сайын тағайындау; АӘК тағайындау үшiн қолданыстағы шектi өлшемдi сақтау:
- отбасының әрбiр мүшесiне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-нан кем болмауы тиiс (бiрiншi тоқсанда ол 19825 теңгеге тең);
- отбасының барлық мүшелерi үшiн жан басына шаққандағы табыс пен кедейлiк шегi арасындағы айырма ретiнде АӘК мөлшерiн анықтау;
- еңбекке қабiлеттi азаматтарға қойылатын талаптарды күшейту, олар жұмысқа орналастырудан бас тартқан жағдайда АӘК төлеу барлық отбасына тоқтатылады;
- осы үдерiсте учаскелiк комиссиялардың рөлiн күшейте отырып, отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзу мерзiмiн 3 күннен 7 күнге дейiн ұлғайту.
Мемлекет қолдауын пайдалана отырып, отбасының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, жақсы ақша табуды бастауға болады, ол үшiн жұмыссыз адамдарды «Еңбек» Мемлекеттiк бағдарламасына белсендi түрде қатысуға тарту керек, онда кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жақсы механизмдер көзделген.
Сонымен қатар, көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту үшiн келесi жылдан бастап несие беру мерзiмi ұлғайып, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме азаяды.
1 жастан 6 жасқа дейiнгi аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың кепiлдi әлеуметтiк пакетiн ұсыну шеңберiнде азық-түлiк жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейiнгi балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз етiледi, сондай-ақ олардың мектепке дейiнгi жол жүру шығындары өтелетiн болады. Медициналық, оның iшiнде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейiнгi балаларға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру шеңберiнде көрсетiлетiн болады.
Ауылдық округтер мен жұмыспен қамту орталығының мамандарымен атаулы әлеуметтiк көмек тағайындаудың жаңа тәсiлдерi бойынша ақпараттық-түсiндiру семинары өткiзiлдi.
- Атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың жеке iстерiн қалыптастыру бойынша;
- АӘК көрсету жөнiндегi мәселелердi қарау кезiндегi қалалық / аудандық комиссиялардың iс-әрекеттерi;
- шартты ақшалай көмек алушылармен жұмыс бойынша (әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарын орындауға қатысты) iс-әрекет алгоритмдерi пысықталды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек көрсету мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыру үшiн мобильдiк топтың шығу кестесi жасалды.
Қараулар: 622