Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

Құрметтi Мамлют ауданының жұмыс берушiлерi, жеке кәсiпкерлер субъектiлерiнiң басшылары!

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi "Парыз 2018" республикалық конкурсы жарысын бастады.

Бүгiнгi күнi қазақстанның нарықтық экономикасының үлгiсi — ол азаматтардың, бизнес және мемлекеттiң қызығушылықтары көрiктi түрде үйлесетiн, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi елiмiздiң ұзақ мерзiмдiк стратегиясын маңызды құрастырушысы болып табылған әлеуметтiк тұрақты қоғам.

Қазақстанда тәуелсiздiк жылдар iшiнде мемлекет және бизнес арасында мықты серiктестiк қатынас орнатылды. Мұндай көп қырлы өзара әрекеттесудiң индикаторы 2008 жылдан бастап мемлекет басшысымен бекiтiлген «Парыз» әлеуметтiк жауапкершiлiк бойынша конкурсы болып табылады.

Конкурсты ұйымдастырушылар болып Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының энергетика Министрлiгi, Қазақстан Республикасының ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының кәсiподақ федерациясы табылады.

Бизнес-құрылым конкурсына қатысу процессi кәсiпорынның әлеуметтiк бағдарланған моделiн құрастыруға, аумақтың және ауылдың инфрақұрылымының дамуына, әлеуметтiк саладағы көрсетiлетiн қызметтiң ұлғаюына үлесiн қосады. Экологияға, лайықты еңбек шартын құруға, еңбектi төлеуде, әлеуметтiк сала жұмысының жаңа үрдiстерiнде, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасында жаңа принциптерiн еңгiзуге ұаражаттарын салп жатқан компаниялар ең көп капиталдылыққа қол жеткiзiп жатқандығын уақыт көрсетiп отыр.

Конкурсты өткiзу мақсаты:

1) Жеке кәсiпекерлер субъектiлерiн өз қызметкерлерi үшiн, сол секiлдi тұтас алғанда қоғам үшiн де әлеуметтiк мәселелердi шешуге ынталандыру;

2) Осы саладағы қолда бар оң тәжiрибенi көрсету және кеңiнен тарту.

Конкурсқа жеке кәсiпкерлер субъектiлерi қатыса алады. Үмiткерлер жалпы қоғамның және ұйым қызметкерлерiнiң әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды ұсынуы қажет.

Конкурстың лауреат атағы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi бойынша 2 категорияда берiледi.

Конкурс лауреаты келесi номинациялар бойынша анықталады:

«Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, еңбектi қорғауды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады;

«Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын».

Бөл номинацияда еңбек қызмсетi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн, еңбек жағдайын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады;

«Үздiк ұжымдық шарт».

Бқл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Экологияға қосқан үлесi үшiн».

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

Конкурс лауреаттарына сәйкес дипломдар, эмблемалар мен ерекше белгi (статуэттер) тапсырылады.

Конкурс лауреаттарын марапаттау жыл сайын салтанатты түрде өткiзiледi. Лауреат тiзiмi жаппай ақпараттар құралдар басылымдарында шығарылады.

Конкурс лауреаттары бөл атақ берiлгеннен кейiн үш жыл бойы эмблеманы жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын иеленедi. Белгiлi бiр номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейiн екi жыл iшiнде оны алуға қайталап ұсынуға жол берiлмейдi.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын 2008-2017 жылдары Мамлют ауданын келесі кәсіпкерлер таныстырды:

Жыл Номинация Кәсіпкерлер Басшысы
2008 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «Мәмбетов және К» КС Еркебұлан Нұрмағанбетұлы Мәмбетов  
2009 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «Мамлют ұн үгу комбинаты» ЖШС Анатолий Константинович Шрамко  
2010 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «Арқалық» ШҚ Нағашыбай Сапарұлы Бурлубаев
2011 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «Мәмбетов және К» КС Еркебұлан Нұрмағанбетұлы Мәмбетов  
2012 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «Новомихайловское-2003» ЖШС Геннадий Григорьевич Щёголев  
2013 Үздік ұжымдық шарт «Хуландой» ЖШС Небиюла Нурмулинович Сагандыков  
2014 Үздік ұжымдық шарт «Cенiм» ЖШС Забкен Бекенұлы Шаяхин  
2015 Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын «СТАН» ЖШС Қанат Жанабайұлы Бекенов  
2016 Үздік ұжымдық шарт «СТАН» ЖШС Қанат Жанабайұлы Бекенов  
2017 Үздік ұжымдық шарт «Андреевка СК» ЖШС   Серәлі Байдрахманұлы Шарипов  

Мамлют ауданының жұмыс берушiлерi, жеке кәсiпкерлер субъектiлерiнiң басшыларын «Парыз — 2018» конкурсына қатысуға шақырамыз.

Өтiнiмдердi беру және құжаттарды ресiмдеу үшiн Мамлют қаласы, Гуденко көшесi, 19 мекен-жайы бойынша «СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ келуiңiздi сұраймыз.

Анықтама телефондары: 8 (715 41) 2 22 74, 2 13 75, 2 15 64

Электрондық мекен-жайы: maml_ozsp@sko.gov.kz

«СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту жәнеәлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ
басшысының орынбасары Н. Косоурова

 

24.04.2018
Қараулар: 868
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана