2020 жылы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік көмек

Әлеуметтiк көмек туралы сұрақ бiздiң бөлiмге өтiнiш бiлдiрген азаматтардың ең танымалдарының бiрi болып табылады. Бүгiн бiз 2020 жылы мемлекет көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қандай көмек көрсететiнiн айтып беремiз.

АӘК тағайындау кезеңiнде 1 жастан 6 жасқа дейiнгi 121 бала ай сайын азық-түлiк жиынтығынан және гигиеналық керек-жарақтар жиынтығынан тұратын кепiлдi пакеттi алатын болады.

6 жастан 18 жасқа дейiнгi балалар (98 адам) 170 күн iшiнде оқу орны бойынша бiр рет тамақтана алады, жыл сайын мектеп формасымен қамтамасыз етiледi, жылына бiр рет мектепке керек-жарақтарын алады, оқу жылы кезеңiнде оларға жол жүру құнының 50%-ы өтеледi.

Сонымен қатар, медициналық, оның iшiнде стоматологиялық көмек тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру шеңберiнде көрсетiлетiн болады.

1 жастан 6 жасқа дейiнгi аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ай сайынғы мемлекеттiк әлеуметтiк көмек пакетiне азық-түлiк жиынтықтары кiредi, оның iшiнде 1 жастан 3 жасқа дейiнгi балаларға:

  • ультрапастерленген сүт, 2,5%, кемiнде 2 л.
  • 5 айдан бастап балалар печеньесi темiрмен және С, В витаминдерiмен байытылған, кемiнде 180 гр.
  • 6 айдан асқан балаларға гипоаллергендi ботқа, кем дегенде 320 гр.
  • балалар гипоаллерген пюресi ассортиментте, кемiнде 1210 гр.
  • сұлы үлпектерi, кемiнде 800 гр.

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларға арналған азық-түлiк жиынтығы:

  • ультрапастерленген сүт, 2,5%, кемiнде 2 л.
  • бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарон, кемiнде 800 гр.
  • сұлы үлпектерi, кемiнде 800 гр.
  • күнбағыс майы, кемiнде 0,8 л.
  • классикалық гематоген, кемiнде 240 гр.
  • таңғы асқа арналған сүт жастықшалары тұтас астық тұқымдас, кемiнде 250 гр.
  • балалар печеньесi, кемiнде 400 гр.
  • арпа жармасы, 1 кг. кем емес.
  • қарақұмық жармасы, кемiнде 1,6 кг.
  • ас бұршақ, кемiнде 800 гр.
  • ұнтақ жармасы, кемiнде 700 гр.
  • табиғи бал, кемiнде 200 гр.

Сондай-ақ пакетке 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларға арналған баланың күтiмiне арналған құралдар жиынтығы кiредi:

  • тюбиктегi балалар кремi, кемiнде 45 мл.
  • гипоаллергендi крем-сабын, кемiнде 100 гр.
  • балалар тiс пастасы, кемiнде 50 мл.
  • шаруашылық сабыны, кемiнде 200 гр.
  • балалар сусабыны, кемiнде 200 мл.
  • тiс щеткасы, 1 дана.
  • кiр жуғыш ұнтақ, кемiнде 800 гр.

Алдағы уақытта бiз сiздердi аз қамтылған отбасылардағы балаларға мемлекеттiк әлеуметтiк көмек көрсету аясында мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарының жиынтығына кiретiн тауарлар тiзiмiмен таныстырамыз.

2020 жылы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік көмек

23.01.2020
Қараулар: 639
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана