Мүгедек адамдардың құқықтарын түсiндiру бойынша ақпараттық кездесу өткiзiлдi

Мүгедек адамдардың құқықтарын түсiндiру бойынша ақпараттық кездесу өткiзiлдi

2022 жылғы 29 наурызда «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде Әлеуметтiк бейiмдеу орталығынның жобасын iске асыру аясында, мүгедектiлiгi бар адамдардың құқықтарын түсiндiру бойынша ақппараттық кездесуi өткiзiлдi. Кездесуге: мүгедектер мәселелерi бойынша әкiмнiң кеңесшiсi, КОС қоғамдастығының мүшелерi, мүгедек балалардың аналары, мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсететiн бөлiмнiң мүгедек мамандары қатысты. Салықтық «Ten Qogam» мобильдi қосымшасы үлкен қызығушылық тудырды, оның көмегiмен барлық салық жеңiлдiктерiнен, әлеуметтiк саладағы соңғы өзгерiстерден хабардар болуға болады. Кездесуге қатысушыларға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берiлдi. Оған қоса, одан әрi жұмысқа орналасу арқылы оқу курстарынан өту мүмкiндiгi туралы да ақпарат берiлдi. Кездесу барысында туындаған мәселелерге жауаптар қайтарылды. Осы кездесудi ұйымдастырушыларға алғыс сөздерi айтылды.

31.03.2022
Қараулар: 299
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана