Әлеуметтiк қызметтер порталы

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектердiң жеке оңалту бағдарламасында (ОЖБ) оларға ұйғарылған барлық оңалту құралдарын мүмкiндiгi шектеулi адамдар жеке электрондық-цифрлық қолтаңба немесе порталға кiру үшiн бiр реттiк пароль арқылы әлеуметтiк қызметтер порталы (https://aleumet.egov.kz) арқылы дербес сатып алады.

Әлеуметтiк қызметтер порталы (бұдан әрi — Портал) — мүгедектерге санаторий-курорттық емдеудi, протездiк-ортопедиялық көмектi, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүрiп-тұру құралдарын, сондай-ақ жеке көмекшiнiң және ымдау тiлi маманының әлеуметтiк қызметтерiн сатып алуға мүмкiндiк беретiн әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң бөлiгi.

Толық ақпаратты Мамлютка қаласы, Гуденко көшесi, 19 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнен алуға болады. Телефоны: 87154122143; 81754121375.

30.03.2022
Қараулар: 312
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана