Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді, ол Тұңғыш Президент - Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Ағымдағы жылғы 01 мамыр мен 01 шілде аралығында конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау жұмысы ұйымдастырылды.
Облыс аудандары мен Петропавл қаласының жұмыс берушілерінен барлығы 43 өтінім келіп түсті:
- «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - 13;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша - 16;
- «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша - 14.
«Еңбек жолы» конкурсына Мамлют ауданынан 2 үміткер қатысты.
1) Гүлжан Мәжитқызы Мантаева Бостандық орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша.
2) Петр Викторович Богданов «Новомихайловка-2003» ЖШС бас агрономы, «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша.
Комиссия «Еңбек жолы» 2022 конкурсына қатысушылардың материалдарын қарап, «Еңбек жолы» конкурсының ережесін басшылыққа ала отырып, конкурсқа үміткерлер іріктеді және бірауыздан қабылданған шешіммен орындар былайша бөлінді:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
1 орын –Тайынша ауданы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жұмыс істейтін Билетченко әулеті;
2 орын – Жамбыл ауданы, «Айымжан жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жұмыс істейтін Хабаевтар әулеті;
3 орын – Айыртау ауданы, «Асқа» ШҚ жұмыс істейтін Нашарбековтар әулеті.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:
1 орын - Ю.В.Колчин, (Петропавл қаласы, Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының қызметкері);
2 орын – Ж. И.Құдайқұлов (Уәлиханов ауданы, «Өндіріс ОМ» КММ қызметкері);
3 орын – П.В.Богданов, («Новомихайловское-2003» ЖШС қызметкері, Мамлют ауданы).
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:
1 орын – Д. В.Гарагуль, (Есіл ауданы, «Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ қызметкері);
2 орын – Д. А. Ешкенова («Новопокровка ОМ» КММ қызметкері, Шал ақын ауданы);
3 орын – А.А.Кузьменцов, (Петропавл қ. «Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ КМК қызметкері).
«Еңбек жолы»-2022 конкурсының қатысушыларын жеңіспен құттықтаймыз!
Қараулар: 362