Жұмыспен қамту бөлiмiнiң мамандары «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерiмен «Еңбекшi көшiп келушiлерге рұқсаттар беру, ұзарту және керi қайтарып алу» тақырыбына семинар-кеңесi өткiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң «Еңбекшi көшiп келушiлерге рұқсаттар беру, ұзарту және керi қайтарып алу қағидаларын бекiту туралы» 2022 жылғы 15 сәуiрдегi № 123 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2022 жылғы 15 сәуiрде № 27595 болып тiркелдi) анықталды:
- мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi;
- Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi;
- Еңбекшi көшiп келушiге рұқсатты керi қайтарып алу тәртiбi.
Семинарда «Еңбекшi көшiп келушiлерге рұқсаттар беру, ұзарту және керi қайтарып алу» мемлекеттiк қызмет стандартының алгоритмi қарастырылды. Семинар барысында туындаған сұрақтарға тиiстi жауаптар берiлдi.
27.06.2022
Қараулар: 390
Қараулар: 390