«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Мамлют аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлiмi қызметкерлерiмен бiрiге отыра «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» тақырыбы бойынша семинар өткiзiлдi.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 28 мамырдағы «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекiту туралы» № 197 бұйрығы, «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет Стандарты зерттелдi.
Стандарттың келесi тармақтарына ерекше назар аударылды:
- мемлекеттiк қызметтердi ұсыну тәсiлдерi;
- көрсету мерзiмi;
- мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi;
- құжаттар тiзiмi;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартуға негiзiндеме;
- мемлекеттiк қызметтер көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн басқа да талаптар.
Семинар барысында туындаған сұрақтарға жауап берiлдi.
Қараулар: 546