Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесіне енгізілген өзгерістер туралы

ҚР Әділет министрлігінің мерекелік және атаулы күндерді ауыстыру туралы ұсынымдарына сәйкес Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын сәйкестікке келтіру мақсатында бұрын «15 ақпан — Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні» және 26 сәуір — Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күніне орай төленетін біржолғы төлемдер алған азаматарға 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелік күніне орай төленетін болады; 31 мамыр — Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек алған азаматтарға төлемдер 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекелік күніне орай төленетін болады.

Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 8(71541)2-21-43 телефонға жүгіне аласыз.

01.02.2022
Қараулар: 342
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана