«Еңбек Жолы» конкурсы

2022 жылғы 1 мамырдан бастап 1 шiлде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға үмiткерлерден келесi номинациялар бойынша өтiнiмдер қабылдау басталады:

  • «Үздiк еңбек әулетi»;
  • «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi»;
  • «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi».

«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi.

Конкурс 2 кезеңде өтедi: «Еңбек жолы» конкурсының жеңiмпаздары облыстық және республикалық деңгейде iрiктеледi.

Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды.

Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады.

  • «Үздiк еңбек әулетi» — ең ұзақ еңбек өтiлi, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
  • «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi» — өндiрiстiң еңбек өтiлi 5 жылдан аспайтын ең белсендi және еңбекқор қызметкерi таңдалады.
  • «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» — кемiнде 20 жыл жұмыс өтiлi бар ең белсендi және тиiмдi тәлiмгер таңдалады.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткiзу бойынша әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес ресiмделген үмiткерлерден материалдарды «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудан әкiмiнiң аппараты жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-не (СҚО Мамлют ауданы Мамлютка каласы Гуденко қөшесi 19 үй,байланыс телефон 2-22-74) 2022 жылғы 1 шiлде күнi дейiнгi мерзiмде қолма-қол ұсыну қажет.

06.05.2022
Қараулар: 269
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана