Мамлют ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi Мамлют аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуiрдегi № 49/3 шешiмiмен бекiтiлген.
Тұрғын үй көмегi Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретiнде меншiк құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тiркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге берiледi.:
- кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
- телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде коммуналдық көрсетiлетiн қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтыну негiзiнде жүзеге асырылады;
- мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн шығыстар негiзiнде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегi Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебiнен кондоминиум объектiсiн басқаруға және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, оның iшiнде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
Аз қамтылған отбасы (Азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн Мемлекеттiк корпорацияға немесе "электрондық үкiмет" веб-порталына тоқсанына бiр рет жүгiнуге құқылы.
Өтiнiштердi қабылдау және Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру мемлекеттiк корпорация және "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдың басынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi нормалар шегiнде тұтынылған коммуналдық қызметтер үшiн шығыстарға жұмсалған сома мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi аудан тұрғындары үшiн отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкiлеттi орган қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн есептейдi.
Аз қамтамасыз етiлген (азаматтарға) тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiн есептеу кезiнде келесi нормалар ескерiледi::
- өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы бiр адамға пайдалы алаңның он сегiз шаршы метрден аспайды, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем болмайды;
- есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi.
Егер шығыстарға арналған нормалар мен тарифтер заңнамада белгiленген тәртiппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргiзiледi.
Коммуналдық қызметтердi тұтынуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшiн есепке алынатын шығыстар өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтер шығысының нормаларынан аспайтын мөлшерде айқындалады.
Қараулар: 404