Жұмыспен қамту бөлімінің ұжымы Елбасы жолдауын талқылады

2019 жылдың 5 қарашасында «СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ-нiң ұжымы Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

Қатысушылар Жолдауда белгiленген «Нұр Отан» партиясына жастарды тарту және партиялық құрылысты нығайту процесi, мемлекет жағынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсету сияқты мәселелердi талқылады. Атап, айтқанда Президенттiң 5% қосымша зейнетақы төлемiн енгiзу мәселесiн 2023 жылға дейiн шегеру туралы шешiмi үлкен қанағаттанушылықпен қабылданды.

Жолдауды талқылау барысында бөлiм қызметкерлерi оларды толғандыратын сұрақтарын қойды және белсендi түрде өз ойларымен бөлiсiп отырды.

06.11.2019
Қараулар: 541
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана