Қазақстан мүгедектері оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге тапсырыс бере алады

Мүгедектiгi бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрi — ОТҚ) және арнаулы әлеуметтiк қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтiк қызметтер порталы арқылы өз бетiнше тапсырыс бере алады.

Мүгедектiгi бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар берудi қамтиды. Арнайы әлеуметтiк қызметтерге жеке көмекшiлердiң, ымдау тiлi мамандарының қызметтерi және санаторий-курорттық емделу жатады.

Бүгiнгi күнi ТОҚ және жоғарыда аталған қызметтер Мемлекеттiк сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн жаңғырту, сапасын және қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдiң бүкiл аумағында Әлеуметтiк қызмет порталы iске қосылады.

Бүгiнгi күнi техникалық құралдар мен оңалту қызметтерiн алуға мүгедектiк белгiленген күнiнен бастап 8 айға дейiнгi уақыт кетедi. Бұл мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн өткiзудiң ұзақтығына байланысты болып отыр. Қызмет алушылар тендер жүйесi оларға мүлдем сәйкес келмейтiндiгiн айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың бұйымдардың сапасының нашарлауына жиi шағымданады. Порталды енгiзу оңалту қызметтерiне қажеттiлiктi есепке алудың ашық еместiгi факторын болдырмауға мүмкiндiк бередi. Ең бастысы, оңалту қызметтерi мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттiлiктерiне сәйкес келмеу проблемаларын шешедi, өйткенi мүгедектiгi бар адамдар тауардың және қызметтiң қажеттi түрiн өз бетiнше таңдай алады.

Порталды енгiзу нәтижесiнде техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынуға арналған бизнес-процестердiң уақытын оларды проактивтi формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мүгедектiгi бар адамдардың өтiнiштерiне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерiнiң белгiленген құнын өтеу механизмi көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтердi таңдаған кезде қосымша төлемдердi iске асыру функциясы қолжетiмдi болады деген сөз.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қолжетiмдi болып, медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң бiрыңғай тiзiлiмiнде (бұдан әрi — МӘМ) барлық МӘМ-нiң жабдықталуы және жұмыс жүктемесi ескерiлетiн болады.

Портал енгiзу оңалту құралдары мен қызметтерiне тең қолжетiмдiлiктi, үйден шықпай-ақ «бiр терезе» арқылы уақытылы әлеуметтiк көмек көрсетудi, сондай-ақ жеке қажеттiлiктердi, жеткiзушiлер, әлеуметтiк қызметкерлер мен мамандар туралы мәлiметтердi есепке алуды қамтамасыз етедi. Бұл адал бәсекелестiктi арттыруға мүмкiндiк бередi және әлеуеттi өнiм берушiлердiң оңалту құралдары мен қызметтерiн iске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етедi.

Бұған дейiн хабарланғандай, портал пилоттық режимде iске қосылып, Ақтөбе қаласында сәттi жүзеге асырылуда. Оған бiрнеше медициналық-әлеуметтiк мекеме қосылды.

Естерiңiзге сала кетейiк, «Әлеуметтiк қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу Мүгедектiгi бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi ұлттық жоспар аясында көзделген. Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткiзушiнi қамтиды.

Бүгiнгi күнi «Мобильдi азаматтар базасы», «Әлеуметтiк тiзiлiм», «Бiрыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бiрыңғай жүйесi», «Жылжымалы мүлiк тiркелiмi» ақпараттық жүйелерiн интеграциялау бойынша жұмыс жүргiзiлуде.

06.11.2019
Қараулар: 554
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана