Мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылға арналған білім беру гранттары конкурсына қатысты

Ержан Тәтішев Қоры 2023 жылғы білім гранттары байқауына өтінімдер қабылдайды. Өтінімдер «БесТірек» бағдарламасы және «Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы бойынша қабылданады. 

«БесТірек» Бағдарламасы

Бағдарлама болашақ кәсіпкерлерге жол ашады. Бағдарлама мақсаты – кәсіпкерлікке ұмтылысы бар және көшбасшылық қабілеті бар белсенді жастарды қолдау. Гранттар білім деңгейі, жетістіктері мен жеке қабілеттеріне сүйене отырып өткізілетін байқау негізінде тағайындалады. Гранттар Алматы Менеджмент Университетіне «бизнес-администрирование в области предпринимательства» мамандығына беріледі. Байқауға бакалавр дипломымен қатар жеке ісін ашқысы келетін және оған қажетті машықтарды дамытуға ұмтылысы бар қазақстандық мектеп және колледж түлектері шақырылады. 

Грант қандай шығындарды өтейді?

  • Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты мен айсайын төленетін шәкіртақы
  • Білім ала отырып, жеке бизнесті жүргізу мүмкіндігі
  • Университет тәлімгерлерінің қолдауы мен табысты кәсіпкерлерден тәжірибе алу
  • АҚШ-тағы Babson College-де машықтану бағдарламасына қатынасу
  • Табысты стартаптарды дамыту үшін грант
  • Басқа қалалар мен аймақтар тұрғындары үшін жылына бір рет жол шығындарын өтеу 

«БесТірек» Бағдарламасы жайлы толық ақпарат 

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы

«Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жастардың арнайы кәсіптік білім алулары үшін бағытталған. Бағдарлама мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте қызметінде пайдалануға ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жастарды анықтау және қолдау. Байқауға Қазақстанның арнайы мектептерді бітіргелі отырған түлектері шақырылады. Байқаудың барлық кезеңдерінен сұрінбей өткен мүмкіндігі шектеулі жастар Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша білім ала алады. 

Грант қандай шығындарды өтейді?

  • Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты
  • Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша оқу
  • Ай сайын төленетін шәкіртақы
  • Белсенді студенттік отра 

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы жайлы толық ақпарат 

Өтінімдер онлайн түрде 2023 жылдың 30 сәуірі Астана уақыты бойынша сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Байқауға қатысу жайында сұрақтар туындаса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (727) 331 13 14; +7 700 331 13 14 (whatsapp, telegram).

Қор жайында

Ержан Тәтішев Қоры 2005 жылы құрылды, оның мақсаткерлігі – Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті қаржылық элитаны қалыптастыру арқылы Қазақстанның тұрақты ұзақ мерзімдік дамуына ықпал ету. Қор құрылғалы бері 264 шәкіртақы мен жоғары және арнайы кәсіптік білім алу үшін грант бөлді. Бағдарлама серіктері қатарында КИМЭП Университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Сүлейман Демирел атындағы Университеті, Халықаралық Бизнес Университеті, КБТУ, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ. Барлық бағдарлама шығындары 914 млн. астам теңгені құрайды. 

Бүгінгі күні Қор түлектері Алсад Қазақстан, Самрұқ-Энерго, Қазпошта, Kaspi Bank, Kassa Nova Банкі, Procter&Gamble Қазақстан, Кока-Кола Алматы Боттлерс, KPMG, Deloitte, AST Minerals Group, Mary Kay, Phillip Morris, Ernst&Young, PricewaterhouseCoopers, Procter&Gamble (Ресей, Мәскеу), KGM Enerji (Түркия, Стамбул), KPMG (Ұлыбритания, Лондон) сияқты ірі қазақстандық және халықаралық компанияларда жұмыс істеп келеді. 2015 жылдан бастап Қор түлектері қайырымдылық жарналары есебінен 4 білім грантын тағайындады. 

Біздің мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Алматы қ.-сы, 050026

Байзақов к.-сі, 125, 307-кеңсе Тел: +7 727 331 13 14

Моб: +7 700 331 13 14

E-mail: info@ytf.kz

Веб-cайт: https://ytf.kz

Инстаграм: @tatishev.foundation

 

 

27.04.2023
Қараулар: 223
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана