«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ағымдағы жылдың 19 тамызында «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын зерттеу тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне, нысаны мен нәтижесіне аса назар аударылды, сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар берілді.
19.08.2021
Қараулар: 511
Қараулар: 511