Еңбек жолы» - 2021

2021 жылғы 20 наурызы мен 1 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға үміткерлерден келесі номинациялар бойынша өтінімдер қабылдау басталады:

- «Үздік еңбек әулеті»;

- «Өндірістің үздік жас қызметкері»;

- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері».

«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы беру мақсатымен конкурстың әрбір номинациясы бойынша ақшалай сертификаттар берілетін болады.

- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;

- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары облыстық және республикалық деңгейде іріктеледі.

Республикалық комиссия әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды (бірінші, екінші және үшінші орындар).

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлерден материалдарды «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют атындағы аудан әкімінің аппараты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не (СҚО Мамлют ауданы Мамлютка каласы Гуденко қөшесі 19 үй) 2021 жылғы 1 шілде күні сағат 17-00-ге дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің git.sko.gov.kz. ресми сайтында жарияланды.

15.04.2021
Қараулар: 528
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана