«Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алу үшін

Үкімет халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаларына жәрдем көрсету жөніндегі қағидалар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 795 қаулысы) әзірледі. Қағидалар инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, гранттық қаржыландыруды, несиелер бойынша мөлшерлемелерді субсидиялауды, мүліктік қолдауды, салық жеңілдіктерін, оқытуды және ақпараттық сүйемелдеуді көздейтін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көздейді.

«Әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесін алу үшін мүдделі тұлғалар:

  • азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін қызметкерлердің жалпы санының кемінде 50%-ын сапалы жұмыс орындарын құру;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарлар шығару, оларды өткізуден түсетін табыс кәсіпорынның жалпы табысының кемінде 50%-ын құрауы тиіс;
  • әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, тәрбие, мәдениет және спорт саласында қызметтер көрсету сияқты тізбеленген шарттардың бірін орындауы тиіс.
08.02.2022
Қараулар: 298
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана