Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу бойынша сұрақтар тізбесі

1-сұрақ. Ауылдық елді мекендерде Интернетке және ұялы телефондарға қолжетімділігі жоқ мүгедектігі бар адамдар порталды қалай пайдалана алады? Және ОТҚ іріктеу кезінде кім көмек көрсетеді?

Жауап: Жергілікті атқарушы органдар Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құратын болады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің мамандары ЭЦҚ алу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін таңдау құқығын іске асыру кезінде көмек көрсететін болады.

2-сұрақ. Өнім берушілер сапасыз тауарды немесе қызметтерді ұсынған кезде кімге шағым қойылады?

Жауап: Тауардың немесе қызметтің сапасына өнім берушінің өзі тікелей жауапты болады. ЖАО деңгейінде даулы мәселелер туындаған жағдайда осы мәселелерді шешу жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

3-сұрақ. Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді анықтау бойынша өлшемшарттар белгіленеді ме?

Жауап: Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Порталда мынадай:

  1. салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;
  2. банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
  4. міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;
  5. медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу үшін баға ұсынған өнім берушілер тіркеле алады.

Осы талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

4-сұрақ. Қазақстанда тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы санаторий жоқ. Портал аясында шетелде санаторий-курорттық емделу қызметін сатып алуға бола ма?

Жауап: Портал шеңберінде оңалту құралдары мен қызметтері тек Қазақстан аумағында көрсетілетін болады, шетелде қызметтер алу мүмкін емес.

Шипажайды әлеуметтік қызметтер порталындағы санаторий-курорттық қызметтерді жеткізушілер тізіміне енгізу кезінде негізгі өлшемшарт қол жетімділік болады.

6-сұрақ. Оңалтудың жеке бағдарламасында жазылған, бірақ қазіргі уақытта қажет емес оңалту құралдарының кейбір түрлерінен бас тарту қарастырылған ба?

Жауап: Иә, бұл функция көзделген, қызмет алушының қалауы бойынша ОЖБ әрекет ету мерзімі ішінде хабарласа алады.

7-сұрақ. Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай 4 және 7 жыл болып қалады ма?

Жауап: Иә, Порталда кресло-арбаларды пайдалану мерзімі бұрынғыдай қалады. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу кезінде кресло-арбаларды пайдалану мерзімін қайта қарау мәселесі қаралатын болады. Алайда, бұл мұқият зерттеуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысын талап етеді.

8-сұрақ. Кресло-арбаларды таңдау үшін медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді кім жазады?

Жауап: Мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасында айғақтар мен қарсы көрсеткіштер жазылады.

9-сұрақ. Техникалық оңалту құралдарының тізбесі кеңейтіледі ме?

Жауап: Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен келісуді және мұқият зерттеуді талап етеді. Нақты қажеттілік пысықталғаннан кейін құжаттар пакеті Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қаржы министрлігіне жіберілетін болады.

10-сұрақ. Басқа аймақта тауарды немесе қызметті таңдауға бола ма?

Жауап: Аумақтылық қағидаты медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу кезінде қолданылатын болады, өйткені ақшалай қаражат жергілікті бюджетте тұр.

11-сұрақ. «Инватакси» қызметін көрсету бойынша әлеуметтік қызметке бизнес-процесс іске қосылады ма?

Жауап: «Инватакси» қызметін көрсету жеке оңалту бағдарламасында жазылмаған. Сондай-ақ осы қызметті төлеу тетігі белгіленбеген.

12-сұрақ. Егер мүгедектігі бар адамға тауар сәйкес келмесе, тауарды қайтару тетігі қарастырылған ба?

Жауап: Оферт шартында мүгедек, тауар жеткізуді жүзеге асыратын жеткізуші және ұйым арасындағы шарттық қарым-қатынастар көрсетіледі.

13-сұрақ. Техникалық құралдар мен оңалту қызметтері үшін ақы төлеу тетігі қалай жүзеге асырылады?

Жауап: Министрлік Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) оңалту құралдарын және арнайы жүріп-тұру құралдарын және оңалту қызметін көрсетуді өтеу қағидаларын әзірлеуде.

06.11.2019
Қараулар: 483
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетegovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиcoronavirusАссамблея народа Казахстана